Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елімізде соңғы 9 айда тұрғын үй нарығы айтарлықтай артты

AstanaTV
08.12.2021ж. 20:00
1522
Елімізде соңғы 9 айда тұрғын үй нарығы айтарлықтай артты

Елімізде соңғы 9 айда тұрғын үй нарығы айтарлықтай артты. Баспана бағасы орта есеппен 20-30 пайызға дейін қымбаттады. Әйтсе де бас қалада сұраныс жоғары - дейді мамандар. Оған не себеп? Тұрғын үй нарығы неге тұрақталмай жатыр? Тілшіміз Бекболат Сатуов, тақырыпты тарқатады.

Баспана бағасы тұрақталар емес. Жыл басынан бері жаңа пәтер құны 15 пайызға, ал қайталама нарықтағы үйлер 20 пайызға өскен.
 
Ұлттық статистика бюросының  мәліметіне сүйенсек, мұндай өсім 2014, 2015 жылдары байқалған. Ал, биыл баға ертегідегі толағай сынды күн сайын құбылып тұр. Тіпті жалдамалы пәтер құны да 17 пайызға өсіп кеткен. Бұл қалтасы қалыңдарды алаңдатпаса да, қарапайым жұртты шошытып отыр.
 
БЛИЦ:

- Екінші оқуда оқып жатырмын, оқу мен жұмысты қатар алып жүріп, үй алуда қиындап кетті енді. Амал жоқ квартирада тұрамыз.

- Бәрі үйсіз жүр. Бәрі жақсы өмір сүріп жатырмыз деп айта алмайды халық.

- Енді елімізден қолдау боламағасын, сырттан жастар жұмыс іздеп, оқу оқып алып, сыртқа кетіп жатыр.


Бағаның бұлайша құбылуын әркім өзінше топшылайды. Біреу құрылыс материалы қымбаттады десе, енді біреу инфля́цияның артуымен түсіндіріп әуре. Тіпті жыл басында енгізілген зейнетақы жинағын пайдалану бағдарламасы да әсер етті.   

Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Бір  8-10 пайызы осы инфля́цияның әсері. Ал қалған 20-25 пайызға қымбаттады деп жатырмыз ғой тұрғын үй. Оның сол 10-15 пайызы, мынау біздегі қаңтардан бастап сол тұрғын үй жүйесіне 2 трлн теңге қосылды. Ақша массасы 40 пайызға көбейіп кетті. Бұл әдетте бізге 10-15 пайыздық инфля́цияны қосып беріп отыр.

Әзірге тұрғын үй бағасының қалыпқа түсуі екі талай дейді,- мамандар. Өйткені сұраныс жоғары. Себебі  тұрғындар біріңғай жинақтық зейнетақы қорын алып қалуға асығуда.

Ғалым ЫСҚАҚОВ, РИЕЛТОР:

Күзде 20 пайызға дейін қымбаттады. Нарықтың бағасы көтерілді. Сұраныс көп болған соң. Оған байланысты қол жетімді ипотекалар, ЕНПФ ақшаның берілуіне байланысты. Сондықтан бағасы өсіп кетті. Жаңа жылдан кейін біз ойлаймыз бағасы 8-10 пайызға төмендейді.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:


Баспана нарығындағы қымбатшылық бас қалада ғана емес, еліміз бойынша да байқалып отыр. Оған сыртқы нарықтың да әсері мол дейді-жауаптылар. Өйткені осы жылдың екінші тоқсанының соңына қарай тұрғын үйдің әлемдік бағасы шамамен 10%-ға өскен. Бұл – 2006 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш дейді.


Б. Сатуов