Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Шымкентте үш жыл бұрын берілген баспаналардың кемшілігі таусылар емес

Шымкентте үш жыл бұрын берілген баспаналардың кемшілігі таусылар емес

Шымкентте әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға берілген баспаналардың сапасы сын көтерер емес. Жылдар бойы кезекке тұрып қолымыз әзер жеткен пәтерлерден ақау шыға береді дейді арнамызға арыз айтқандар. Үш жыл бұрын баспана алып қуанғандар содан бері жыртықты жамап шаршаған. Бір күні үйіміз құлап қалама деген үрейлі бұқарамен  әріптесім Айзада Төребекқызы тілдесіп келді.

Жауын жауса Нұрсәт шағын ауданындағы № 93-ші үйдің тұрғындарынан маза қашады. Тоғызыншы қабаттан кірген су төмендегі пәтерлерге дейін сорғалайды екен. Ал бірінші қабатта тұратын Диляра Ертуғанова кейде жауынсыз-ақ үйім көл болады дейді. Білуінше жуынатын бөлмесіндегі ауа желдеткіші дұрыс орнатылмаған.
 
Диляра ЕРТУҒАНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Шақыртпаған адамым жоқ, уже келмеген адамы жоқ, КСК- ның бүкілі келді. +Қорқып отырамыз қай күні тағы да түнде су кеп қалады, қай күні бізді топить етіп кетеді деп. Ал олардан сұраймда, неге ол тек қана маған келеді десем «үй салынған кезде дұрыс салынбаған бұл үй. Ол құтылу үшін сіз бұл домды мүлдем бұзып, қайтадан салу керек или осы күйі қаласыз деді, болды. Жауабы сол болды.

Көпбалалы Диляра Ертуғанова екі бөлмелі пәтерге қол жеткізу үшін 12 жыл кезек күткен. Бұлайша су сорғалай берсе далада қаламын ба деп қорқады. Пәтерін жөндеуден де шаршаған.
 
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бірінші қабаттағы пәтер иесінің тағы бір түсінбей жатқаны көршімен арадағы қабырғаға судың қайдан кетіп жатқаны. Бұл жағы құрылыстағылардың өзіне әзірге жұмбақ көрінеді. Мына тұсқағаздардың астының  бәрі құзданып барады. Міне, ұстасаң болды үгітіліп тұр.  

Құрылыс сапасыз салынған деді үй төрайымы. Оның пәтерінен тіпті дала көрінеді. 144 пәтерлі үйдің тұсқағаздары бүлініп, сылағы түскендері аз емес екен. Тұрғындар терезе мен сыртқы есік жақтауларын бірнеше рет жамап-жасқасақ та үгітіліп, жел азынап тұратынын айтты.
 
Умида КУЙТАНОВА:

Уілдегенде қандай уілдейді, подоконникте де уілдейді. Плед қойып қоямыз. Қыста плед қойып сәл де болса жан сақтаймыз. Мынаны ештеңе ете алмаймыз. Просто клейлейміз, міне ашылып жатыр. Міне бәрі түсіп тұр. Су кіреді, половой тряпка қойып қоям.

Айта кетейін, бұл үйге көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі жанұялар қоныстанған. Үй төрайымының сөзіне сүйенсек әлсіз топтағы азаматтарға бұйырған осындағы бірнеше көпқабатты үйде осындай қиындық бар. Үп еткен желге жарық өшетіні тағы бар дескендер ыстық суға да жарымайтындарын жеткізді.
 
Гүлжазира АНДАСБЕКОВА, ҮЙ ТӨРАЙЫМЫ:

Бір ай болды тоқтамай хабарласқанымызға. Ыстық су біреуінде болса біреуінде болмайды. оның себебі астында насос бар. Былтыр жөндеуге кеткен насос келген жоқ. Тағы бір насосымыз күйіп кетті деді. соның бәрінен хабардар не КСК не акимат біреуі кеп хабар алып тұрған жоқ.

Бұл үйлерің ақауынан құрылыс басқармасындағылар  хабардар. Баспананың кепілдік мерзімі әлі аяқтала қоймағанын алға тартқандар осы жазда бірқатар кемшілігін түзеттіп берген екен.
   
Нұржан ОРАЗБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:


Бүгінгі таңда анықталған кемшіліктер бойынша енді зерделеу жұмыстарын жүргіземіз. Зерделеу нәтижесімен қалпына келтіру жұмыстарын атқаратын боламыз.  


Ал ыстық су жұмадан қалмай беріледі деп сендірді шенділер. Істен шыққан ақау жөнделіп жатқанын жеткізді.

А. Төребекқызы