Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Британдық дәрігер «омикрон» штамының балалар арасындағы белгілерін айтып берді

AstanaTV
08.12.2021ж. 20:00
1931
Британдық дәрігер «омикрон» штамының балалар арасындағы белгілерін айтып берді

Ересектер мен балалар арасында, коронавирустың "омикрон" штамының белгілері әртүрлі болып келеді. Мұны британдық дәрігерлер айтты. Дэвид Ллойд есімді маманың сөзіне сенсек, жаңа штамның симптомдары өзгеше.  Айтуынша "омикрон" штамы табылған балалардың 15 пайызында бөртпенің белгісіз бір түрі анықталған. Дегенмен вирустың осы штамынан біртіндеп хабардар болған дәрігерлер, аурудың бұл түрі «дельта» сияқты қауіпті болмайды деп үміттенеді. Демек оны емдеу де оңайырақ болмақ деген ой түйді. Бірақ сақтықта қорлық жоқ, дейді.  "Омикрон" штамы, "дельта" тәрізді бірден өкпеге әсер етеді. Осының кесірінен ауру бірден пневмонияға ұласуы мүмкін деп топшылайды.

Е. Карин