Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елбасы қырғызстандық студенттерге тегін білім алуы туралы сөз қозғады

AstanaTV
08.12.2021ж. 20:00
1113
Елбасы қырғызстандық студенттерге тегін білім алуы туралы сөз қозғады

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровты қабылдады. Елбасы бауырлас Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының тарихи жақындығына ерекше тоқталды. Екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осы мәселені талқылау аясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз Республикасының жастарына қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне тоқталды. Ақылбек Жапаров өз кезегінде Тұңғыш Президенттің басшылығымен Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарын ерекше атап өтті. Елбасының екі ел халықтары арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға қосқан еңбегін жоғары бағалайтындарын жеткізді.

Ә. Дүкембаева