$460.43 €501.04 ₽6.65
×

«Нұр Отан» партиясы мен прокуратура кәсіпкерлер мәселесін бірлесіп шешпек

17 маусым 2016
1374
«Нұр Отан» партиясы мен прокуратура кәсіпкерлер мәселесін бірлесіп шешпек

«Нұр Отан» партиясы мен прокурорлар кәсіпкерлер проблемасын бірлесіп шешуге кірісті. Бүгін бас партияның Павлодар облыстық филиалында іскер адамдарға арналған қоғамдық қабылдау өтті. Бұл жерде 30-ға жуық азаматтың мәселесі қаралды.

Қоғамдық қабылдауға келген Жанар Ахметова - ауылдың тұрғыны. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы несие алмақ болған ол ойламаған кедергіге тап болған.  Айтуынша, құжаттарын қабылдаған қаржылық қолдау қоры мен әлеуметтік қорғау органы оған бұл жағдайды растайтын ресми қағаз бермеген. Салдарынан кәсіпкер несиеден қағылды. Мүлікті заңдастыру кезінде мемлекеттік мекеме өкілдері құжаттарды рәсімдеуден қателік жіберген.

Көмектесті. Рахмет. Қуаныштымын. Осындай кездесулер көп болса ғой. Әр кабинетті сығаламай, проблемамыз жылдам шешілер еді. Мәселені шешу үшін қалаға келіп-кету ауылдықтарға қиын. Үй-шаруасы, мал-жай қараусыз қалады дегендей.

Кездесуде көтерілген түйткілдердің дені - жер заңнамасы, сәулет және ескі қылмыстық істер төңірегінде болды. Кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдері ортадағы мәселені ашық талқылайтын болса, көптеген проблемалар оң шешімін табар еді,- деген пікірде шараны ұйымдастырушылар. Болашақта мұндай қоғамдық қабылдаулар жиі өткізілмек. 

Серік Ахметов, Павлодар облыстық прокуратурасы 4-ші басқармасының прокуроры:

Жеке тұлғалар және кәсіпкерлер облыс прокурорына және прокуратура қызметкерлеріне және басқа да құзырлы органдарға арызданып жүрмеу үшін, осы жерде шешу мақсатында жүргізіліп жатыр. Мұндай шаралар енді әрдайым, кейін де толыққанды талдау жасалып, жиі өткізіледі деген ойдамыз. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар