Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырау облысында пойыз қойларды басып кетті

AstanaTV
09.12.2021ж. 20:00
1477
Атырау облысында пойыз қойларды басып кетті

Атырау облысында жүк пойызы 20-шақты қой мен ешкіні басып кетті. Оқиға Аққыстау ауылы маңында түнде болған. Машинист жолында жүрген малды көріп, шұғыл тежегіш басқанымен, тоқтап үлгере алмай қалғанын айтқан.

Арам өлген малдың өлексесі теміржол бойында жайрап жатыр. Кейбірінің ішек-қарны ақтарылып жатыр, тіпті басы бөлініп қалғандары да бар. Мал иесі де жылдам табылды. Малынан айрылғаны өз алдына, енді ол айыппұл төлеуге міндеттелді.

Өмірзақ МҰСТАФИН, АТЫРАУ СТАНЦИЯ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Иесін тауып, сөйлесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, малды қараусыз қалдыруға болмайтынын айтып, үстінен Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодекстің 559 бабы1 бөлігіне сай 5 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды.


Мамандар мұндай түсіндірме жұмыстары нәтиже берер емес деп отыр. Төрт түліктің кедергі келтіруімен биыл пойыз 212 рет тоқтауға мәжбүр болған. Бұл былтырмен салыстырғанда екі есе көп екен. Ал 20 малдың иесі айыппұл салғандарға өкпелі. Қатты желден ұсақ мал ықтап кетіп, екі күн бойы табандары таусылып іздепті.

Сисенбай ШЕРУЕНОВ, МАЛ ИЕСІНІҢ ТУЫСЫ:

Ол өзі малын таба алмай мотоциклмен шырылдап шауып жүргенде айдалада. Күн жарым малын жоғалтып алып.  Қалай салады? Кім салады?  Малын жоғалытып алған кісіге айдалаға шауып барып штраф салады дегенге мен түсінбеймін. 25 шақырым жайылым қыстағы қашық.

Б. Надірқызы