Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Биыл елде пәтер сатып алу және сату көрсеткіші өскен

AstanaTV
10.12.2021ж. 20:00
1718
Биыл елде пәтер сатып алу және сату көрсеткіші өскен

Халық жаппай пәтер сатып алып жатыр. Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, елімізде сатып алу және сату келісім-шарты өткен аймен салыстырғанда 3,7%  - ға артқан. Яғни Қазақстан бойынша 46 090 мәміле жасалған. Ал, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда, биыл сату-сатып алу 85 пайызға артыпты. Бұрын соңды болмаған көрсеткішке ие болды. Мұндай күрт өсу жағдайы зейнетақы қорындағы қаражатты алуға қатысты болуы мүмкін. Бұлай дейтін себеп, мәселен Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе артқан. Ал Атырау және Маңғыстау облыстарында орта есеппен 4 есеге өскен. Қалған облыстар бойынша тұрғын үй сату көрсеткіші 46% - дан асты. Ал, Елордада баспаны сату- сатып алу келісімі 92% - ға, Алматыда - 59% - ға, Шымкентте-42% - ға өскен. Азаматтар пәтер сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын алуға өтінім беруді әлі жалғастырып жатыр.

Д. Жарқынбек