Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / 30 жылда ғасырға тең келетін табыстарға жеттік, - Н.Нығматулин

30 жылда ғасырға тең келетін табыстарға жеттік, - Н.Нығматулин

Елбасы және Тәуелсіздік деген сөздер бір ұғымға айналды. Парламент Мәжілісінің төрағасы Тәуелсіздік мерейтойына арналған «Көшбасшылық. Тұрақтылық. Өрлеу» халықаралық конференциясында осындай пікір білдірді. Айтуынша Түркістан облысы Еуропа мен Азияны қосатын бүкіл түркі әлемінің рухани орталығына айналды. Онымен қоса еліміз Орталық Азия елдерінің ішінде алғаш болып Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болғанын еске салды.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 30 жылдың ішінде экономикасы мықты, қоғамы тұрақты, халқы тату, мәртебесі биік, тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалады. Бұл іргетасты одан әрі нығайту үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев саяси, әлеуметтік, экономикалық реформаларды қолға алып, нақты стратегиялық міндеттер қойды. Бір ел болып, бір халық болып осы алға қойған мақсаттарымызға абыроймен жетеміз деп сенеміз.
    
Ғылыми-практикалық конференцияда Дәурен Абаев мемлекеттіліктің бес белгісін атады. Соның ішінде аумақтық тұтастықты сақтауда ел астанасының арқаға көшуі де үлкен рөл атқарғанын еске салды.

Дәурен АБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Аумақтық тұтастық – қоғам дамуының басты шарты. Аумақтық тұтастықты сәтті игерудің айқын көрінісі – астанамыздың ауысуы. Саяси орталықтың георафиялық орталық тұрғысынан таңдалуы қазақстандықтық біртектілікті нығайта түсті. Нұр-Сұлтан қаласы даму нүктесі ғана емес, жаңа өңіраралық байланыстардың қайнаған қазанына айналды деуге болады.


А. Базарбай