Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елорда Халықаралық адам құқықтары күнін атап өтті

AstanaTV
10.12.2021ж. 20:00
1177
Елорда Халықаралық адам құқықтары күнін атап өтті

Елорда Халықаралық адам құқықтары күнін атап өтті. Атаулы датаға орай мәнерлеп сырғанаудан фестиваль ұйымдастырылды. Шараның өтуіне Денис Тен атындағы қоғамдық қор мен Қазақстандағы Еуроодақ елшілігі мұрындық болды. Ұйымдастырушылар отандық спортшылардың жетістігін және олар үшін спорт саласында жаңа мүмкіндіктер пайда болғанын ерекше атап өтті. Мұз айдынында, қазақстандық жас мәнерлеп сырғанаушылар, сондай-ақ ірі халықаралық турнирлердің жүлдегерлері өнер көрсетті.

Адам МАЧЕЙ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕУРООДАҚ ЕЛШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әркімнің өз құқығы бар. Пандемия кезінде әсіресе, білім алу, спортпен айналысу, денсаулық сақтау құқықтары айқын байқалды. Сондай-ақ ақпарат, өнер, әлеуметтік медиа салаларында шектеу жоқ. Менің ойымша, олар адамдардың құқықтары туралы ақпараттарды көбірек тарату керек, бұл өте маңызды.

А. Данияр