Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстан Жоғары Еуразиялық Экономикалық кеңес төрағалығын аяқтады

AstanaTV
10.12.2021ж. 20:00
1643
Қазақстан Жоғары Еуразиялық Экономикалық кеңес төрағалығын аяқтады

Қазақстан, Жоғары Еуразиялық Экономикалық кеңес төрағалығын аяқтады. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Алқалы жиын онлайн режимінде өтті, оған аталған еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және осы кеңеске мүше елдердің көшбасшылары қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде  Қазақстан белгіленген жоспарларды іске асыра алғанын мәлімдеді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақстан - Еуразиялық экономикалық кеңес төрағалығы - құрметті миссиясын аяқтайды. Төрағалық ете отырып, мен бірлескен жұмыстың бес бағытын тұжырымдаймын. Бұл-өнеркәсіптік кооперацияны күшейту, өзара саудадағы кедергілерді жою, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру, сондай-ақ үшінші елдермен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту. Біз бұл бір күннің жұмысы емес екенін түсінеміз, бірақ бүгінде олардың кейбіреулерінің табысты іске асырылуын атап өтуге болады.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті одақтастарға Машина жасауды дамытуды ұсынды. Оның айтуынша, Цифрлық өнімдер мен электрондық қызметтерге бұрын-соңды болмаған сұраныс үшінші жыл қатарынан жалғасуда. Отырыста Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевта сөз алды. Ол өз кезегінде ішкі нарық қағидаттарын сақтай отырып пандемия мен дағдарыстарды еңсеру керек екенін айтты. Сонымен қатар  заманға ілесіп, даму үшін бірлескен шаралар қабылдау қажеттігіне тоқталды. Елбасы интеграциялық бірлестікке қатысушы елдердің азаматтары үшін жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ете алатын - Еуразиялық эклномикалық кеңестің ішінде импортты алмастыру бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін атап өтті.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ, ЖЕЭК ҚҰРМЕТТІ ТӨРАҒАСЫ:


Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық кеңес елдерінің экономикалық белсенділігін арттыру бойынша жұмысты бұрынғыдан да күшейту қажет. Жаһандық сенім дағдарысы мен геосаяси қайшылықтар жағдайында , жаңа мүшелер үшін ашық және басқа интеграциялық бірлестіктер мен ынтымақтастыққа дайын одақты сақтау және нығайту маңызды. Барлық тараптардың келісілген күш-жігері ғана экономикамызды өсу жолына түсірудің кілті болып табылады.

Жиында сөз алған Ресей басшысы Владимир Путин де, бірнеше жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевпен Еуразиялық экономикалық одақ құру мәселесін талқылағанын еске алды.

Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің бірлестігімізді құрудың бастамашысы болды. Оның маған қоңырау шалып, Ресейдің осы кеңеске қатысты көзқарасын сұрағаны есімде.

Д. Жарқынбек