$519.64 €609.23 ₽6.62
×

ТШО мұнайы ішкі нарықта сатылмауы мүмкін

AstanaTV
06.07.2016ж. 20:00
2013
ТШО мұнайы ішкі нарықта сатылмауы мүмкін

«Теңізшевройл» компаниясы «Теңіз» мұнай кен орнындағы өндіріске қосымша 37 миллиард доллар инвестиция құяды. Бұл туралы компания акционерлері Энергетика министрімен өткен кездесуде мәлімдеді. Бұл ақшаға кен орнының инфрақұрылымы жетілдіріліп, қосымша 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ. Министрлік мамандарының сөзінше, құрылыс жұмыстары қазірдің өзінде басталып кеткен. Кеңеюдің арқасында кен орны өндіріс көлемін 12 млн тоннаға арттырып, жылдық өндірісті 39 млн тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. Ал министр, сапалы мұнайдың Атырау мұнай өңдеу зауытында өңделуіне қатысты мәселе 1-2 жылда белгілі болады, деп мәлімдеді. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Қазіргі кезде мұнай өндіруші компаниялар ішкі нарықтағы жанар-жағармайдың бағасын субсидиялап отыр. ТШО өнімінің Атырау заутында өңделуіне келетін болсақ, онда ол мұнайдың жоғары сапасы мен қымбат бағасын ескерген жөн. Сондықтан бұл мәселе 2017 жылдың соңы, 2018 жылдың басында белгілі болады. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ