Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

АҚШ президенттігіне негізгі үміткер Хиллари Клинтон алдағы сайлауда жеңіске жетуі мүмкін - Б.Обама

AstanaTV
06.07.2016ж. 20:00
2197
АҚШ президенттігіне негізгі үміткер Хиллари Клинтон алдағы сайлауда жеңіске жетуі мүмкін - Б.Обама

АҚШ президенттігіне негізгі үміткер Хиллари Клинтон алдағы сайлауда жеңіске жетуі мүмкін. Бұл туралы елдің президенті Барак Обама айтты, деп хабарлайды Reuters. Алғаш рет сайлауалды митингке қатысып сөз сөйлеген  Обама «эстафетаны Клинтон ханымға беруге әзір» екенін мәлімдеді. Халықты Хиллари ханымға дауыс беруге шақырды. Сондай-ақ "бұл менің ғана пікірім емес, тұтас Америка жұртының пікірі" дегенді де қосты.

2008 жылы өткен АҚШ-тағы президент сайлауында Обама мен Клинтон өзара бәсекелес болғаны белгілі. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон президенттікке Демократиялық партия атынан түсуге үміткер. Обама Клинтон сияқты ешкім президент лауазымына лайық емес екендігін бұған дейін де мәлімдеген еді. 9 маусымда жариялаған видеоролигінде ол Клинтонды қолдайтын кампания жүргізу мүмкіндігін тағатсыздана күтетінін айтқан еді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА