Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қызылордада мал қырылып жатыр

AstanaTV
13.12.2021ж. 20:00
2209
Қызылордада мал қырылып жатыр

Қызылордада мал қырылып жатыр. Қала іргесіндегі Талдыарал ауылының тұрғындары дабыл қағуда. Төрт түліктің арам қатуына - малекпенің кеш салынуы және дәрігердің жауапсыздығы себеп дейді олар.Айтуларынша, мал ветеринарлар екпені уақытылы  салмайтын көрінеді. Және ауырған түлікке ем-шара жасамайды. Соның салдарынан жұрт   қалған малымыздан да айрылып қаламыз ба деп  алаңдайды.  

Жұмабек АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Звондаймыз, келмейді. Ауырған кезде зорға шақыртып алдық жабыла звондап. Сол кезде вакцина салып кетті.  салғаннан кейін 3 күннен кейін өліп қалды. Мал шаруашылығы ғой, сатсаң ақша болады. Есептесем 200 мыңның малы, анау 150 мыңның малы ғой екі бас есептеп отқанымда.

Мамандар ауылдағы төрт түлікке екпе уақытылы салынды дейді. Ал, қырылған мал дерекқор базасына енбегендіктен осындай жағдай болғанын  айтады. Тізімге енбеген ірі қараға екпе егілмейтін көрінеді. Сондықтан, маман ауыл тұрғындарына малын  өз атына тіркеу үшін өтінім қалдыруға кеңес береді. Сонда ғана мемлекеттен бөлінетін екпеге ілініп, жоспар бойынша уақытында бақылауға алынатынын айтты. Ал, ірі қараның    жаппаай қырылу себебі әлі белгісіз. Дегенмен, мамандар бұл жұқпалы ауру емес деп болжап отыр.

Нұрлан ТӨЛЕГЕНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Оған біз вакцина жоспарлай алмаймыз. Біз дерекқор базасында қанша бас бар соған вакцина жоспарлаймыз жылдың басында.  Сондай жағдайлар бар. Көбісі өз малдарын дерекқорға өтініш беріп енгізуі тиіс. Бірдейлендіру жұмыстары ол мемлекеттік қызмет көрсетуге жатады. Сол себепті тұрғындардың өзі өтініштерін беруге тиіс.


Д. Жарқынбек