Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шығыс Қазақстан облысында нұротандықтар марапатталды

AstanaTV
13.12.2021ж. 20:00
1666
Шығыс Қазақстан облысында нұротандықтар марапатталды

Еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай шығысқазақстандықтар да партиялық наградалармен марапатталды. Арнайы сыйлықтар облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді.

Белсенді қызметі үшін» медалімен  марапатталғандардың қатарында ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды белсенді қолданып жүрген жас маман - Тимур Виситаев, облыстың бас онкологы Гүлмира Сағидуллина, мекеме-кәсіпорын басшылары, қоғам белсенділері мен «Nur Otan» бастауыш партия ұйымдарының төрағалары бар.

Гүлмира САҒИДУЛЛИНА, ШҚО ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласының жақсаруы, халқымыздың сапалы медициналық көмек алуы үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Ал бүгін тамаша мереке қарсаңында, еліміздің тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында, мен тілегім келеді Қазақстанымыз дами берсін, мен өз Отанымды сүйемін және оны бұдан да жақсырақ ету үшін бәрін жасаймын.

А. Базарбай