Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Nur Otan» партиясы БҚО филиалының бастауыш партия ұйымдары арасында үздіктер анықталды

AstanaTV
13.12.2021ж. 20:00
1640
«Nur Otan» партиясы БҚО филиалының бастауыш партия ұйымдары арасында үздіктер анықталды

Оралда «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымдары арасында үздіктер анықталды.  Жеңімпаздар 4 аталым бойынша іріктелді. Жергілікті бастауыш партия ұйымдары «Чемпионмен жаттығу», «Жақсылық жасаудан жалықпа» қайырымдылық шарасы, әлеуметтік желіде «Мен нұротандықпын» деп пост жазып, маңызды мәселе туралы пікір білдіру бойынша өзара сынға түсті. Байқауда Жаннұр Бекбауұлының туындысы көпшіліктің көңілінен шығып,  жеңіс тұғырынан көрінді. Ол «Nur Otan» партиясы атынан ауылдық округ әкімдерінің сайлауында халық қолдауымен Ақсуат ауылының әкімі болып сайланған. Жастайынан кітапты сүйіп оқитын  жас әкім поэзия жанрында да қалам тербейді.

Жаннұр БЕКБАУҰЛЫ, «АҚСУАТ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өзіміздің Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінде еркін күрестен әлем чемпионы, Азия чемпионы Тарғын деген ұстазымызбен өткізген болатынбыз. Одан бөлек ауыл өнерпаздарымен «Жақсылық жасаудан жалықпа» деген шара өткіздік. Сол өнерпаздармен өткізгенде содан түскен қаражатқа жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік апардық.

Жақсылық жасауды дәстүрге айналдырған нұротандықтар 5 жарым миллион теңгеден астам қаржы жинап, 176 адамға көмек қолын созды. Сонымен қатар ауыр науқасқа шалдыққан бүлдіршіндердің еміне де көмектесіп, мұқтаж отбасыға үй сыйлады. Мұнан бөлек, қайырымдылық концертін, автомарафон, түрлі  жәрмеңкелер ұйымдастырып келеді. Бұл орайда партияның бастауыш ұйымдарының үлесі зор. Қайбір істе болмасын, олар үнемі белсенділік танытып отырады.  

Е. Карин