Арқалықта бес мың ірі қараға арналған бордақылау алаңы ашылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында іске қосылған жаңа жоба туралы толығырақ өңірдегі тілшіміз Заңғар Санай айтады.
Арқалық маңындағы бордақылау алаңы үш жылда салынды. Жоба құны -2 млрд 700 миллион теңгеден асады.Құрылыс жұмыстарына мемлекет қолдау көрсеткен.
Архимед МҰХАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Осы нысанның құрылысына өз жағымыздан жергілікті атқарушы билік біраз қолдау көрсетті. Инженерлік желілерді салып берді. Сумен қамту, электр қуатымен қамту және т.б. қамту бойынша бюджеттен қаржы бөліп, жаңадан құрылыс жүргізіп жеткізіп бердік.
Алаңда бір мезетте 5 мың ірі қара ұстауға мүмкіндік бар. Түліктің тең жартысы - қазақтың ақ бас сиыры. Ет бағытындағы асыл тұқымды малдың салмағы жарты тоннаға дейін жетеді.
Жақсылық ҚАРАТАЕВ, ЗООТЕХНИК:
Бір жылдық малымыз 400 келі тартады. Енді бір 300 келіге таяу ет береді. Ал екі жылдық 370 кг ет береді. Олардың салмақтары 500-600-ге дейін барады.Азықтандыратынымыз екі мезгіл. Бір мезгіл жем береміз. Бір мезгіл комбикорм. Нұт, сұлы қосылғаны бар.
Бордақылау алаңы жергілікті тұрғындармен қатар көрші Амангелді, Жанкелдин, Науырзым ауданы және Ақмола облысынан да мал қабылдайды. Енді жақын маңдағы фермерлер төрт түлігін шалғайдағы облыс орталығына тасымай,осында тапсыра алады.
Руслан ҚҰЛЕТОВ, АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
2018 жылы ет комбинаты ашылған. Бұл бізге толық 2022 жылдан бастап 100 процент жұмыс істеуіне үлкен көмек боп отыр.
Алдағы уақытта Арқалықта тағы бір ірі шаруашылық жұмысын бастамақ. Ол жерде 10 мыңға жуық сиыр мен бұқаны бағып-бордақылауға мүмкіндік бар.
З. Санай