Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Елордада «Арнау» атты симфониялық музыкалық кеш өтті

AstanaTV
13.12.2021ж. 20:00
1302
Елордада «Арнау» атты симфониялық музыкалық кеш өтті

Елордадағы «Астана Балет» театрында «Арнау» атты симфониялық музыкалық кеш өтті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шараны мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-сұлтан қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Кештің басты қонағы -Ұлыбританияда өткен  ХХ халықаралық пианистер байқауының лауреаты Әлім Бейсембаев. Талантты өнер иесі мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Бетховеннің, Рахманиновтың және Равельдің шығармаларын орындады.

Әлім БЕЙСЕМБАЕВ, ХХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПИАНИСТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ:

Мен пандемия басталғалы соңғы екі жыл елге келе алмадым. Тіпті ата-анамды да көргенім жоқ. Алайда бүгін елордада арнайы кеште өнер көрсетіп отырғаныма өте қуаныштымын.Бұл ел тәуелсіздігі мерекесіне арнайы арнау деп білем. Ұйымдастырушыларға да шексіз ризашылығымды білдіремін.


Б. Сатуов