Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақмола облысында ерекше балаларға арналған балабақша ашылды

AstanaTV
13.12.2021ж. 20:00
2230
Ақмола облысында ерекше балаларға арналған балабақша ашылды

Ал Ақмола облысындағы Аршалы ауданында  инклюзивті балабақша ашылды.  Ерекше балаларға арналған тәрбие орны заманға сай жабдықталған.  Олардың дамып-жетілуіне, ой-өрісінің дамуына жан-жақты жағдай бар. Бұған ата-аналар дән риза.

Жаңа балабақшада 60 баланың сауықтырылуы, дамуы, танымының кеңеюі үшін барлық жағдай жасалған. Арнайы мамандар арнайы жабдықтар арқылы әр балаға жеке қызмет көрсетеді. Бүгін екі қызын осында  алып келген ауыл тұрғыны Виктория орталықтың ашылғанына өте қуанышты.

Виктория САМОХВАЛОВА, АТА-АНА:

Мен- екі қыздың анасымын. Екі қызымда осы балабақшаға келеді, білім алады. Өздеріне де қатты ұнайды, үйге дән-риза болып келеді. Бұл ана үшін ең маңызды - балаңның бақытты болғаны.

Балабақша бірегей әр ерекше. Бұл-аутизм, сөйлеудің, тірек-қимыл жүйесінің бұзылуы, ақыл-есі мен интеллектуалды дамуы тежелген және өзге де диагноздармен есепте тұрған  балалар үшін ауданда ашылған сегізінші арнайы орын.

Аида СӘКЕНОВА, "ЯСМИНА" БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІІСІ:

Ерекше балалар бар, диагноздары бар, тіл кемістігі бар, аутизм балаларымыз бар. Олардың барлығына 100 пайыз жағдай жасап, ата-аналарға көптен-көп көмек қой.


Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі көпшілікті    құттықтады.  Мұндай мектепке дейінгі білім ошағында баланың жанын ұғатын, кең жүректі мамандар жұмыс істеуі керек екенін  атап өтті. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, балабақшаға  мемлекет қолдау көрсетеді.

Абай БЕКБАЕВ, АРШАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекеттік тапсырыс болғаннан кейін, оның көп бөлігін мемлекет өз қаражатынан төлейді,41000 мыңнан астам. Ал ата-аналар 16 мың тамақтануға ақшасын төлеп отырады.

Салтанатты шарада балалар өз өнерлерін көрсетті. Бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ.

Ә. Дүкембаева