Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақ даласына 108 күндік экспедиция басталды

AstanaTV
06.07.2016ж. 20:00
3596
Қазақ даласына 108 күндік экспедиция басталды

Қазақ даласына 108 күндік сапар. Бүгін Астанада дәл осынша уақытқа созылатын үлкен экспедиция бастау алды. «Қазақ географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға ғалымдар, тарихшылар, саяхаткерлер және журналистер тартылған.

Экспедиция ел тәуелсіздігінің 25 жылдық құрметіне және алғашқы қазақ географы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орайластырып отыр. Басты мақсат - ішкі туризмнің дамуын насихаттау, дархан дала туралы деректі фильм түсіру.

Сапар басы Астанадан Ақтоғанға, сосын Қарқаралы мен Семейге ұласады. Осы жерде саяхатшылар екі топқа бөлініп шығуы тиіс. Біріншісі облыс орталықтары мен ауыл-ауылды араласа, екіншісі Әлихан Бөкейханның жүріп өткен жолдарын басады. Тіпті сапар Омбы, Петербор, Минск және Мәскеуге дейін жалғасуы да мүмкін.

Мағжан Сағымбаев, «Қазақ географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігі жобаларының жетекшісі:

«25 экспедициясы» бірінші отандық туризимді қолдауға бағытталған. Жалпы 108 күнге жалғасады. Құрамына ең білікті деген мамандарды жинадық. Сәтін салсын деп, Астана күнінде жолға шығуды ұйғардық. Негізі экспедиция екі топтан жасақталған. Бірі 14 облысты, екіншісі Әлихан Бөкейханның жолымен жүруі тиіс. 3 айдан соң осында қайта кездесеміз.

Құралай ПИОНЕР