Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды

«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды

«Nur Otan» партиясының  Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатындағы  депутаттық фракцияның отырысы өтті. Жиында партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып жатқан "Жол картасы" жобасы  талқыланды.  Тұрғын үй, әлеуметтік нысандар құрылыстары, «Интернациональный», «Достық» шағын аудандарында жол салу жұмыстары туралы есеп берілді. Сондай-ақ,  алдағы жылдарға арналған  қала бюджетінің жобасы қаралды.

Сақтаған СӘДУАҚАСОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Осы жылдың аяғына дейін 7 мектеп тапсыруымыз керек. Сол мәселе көтеріліп жатыр. «Достық» пен «Интернациональный» шағын аудандарындағы жол мәселесі соның ішінде бар. Осындай өзекті мәселерді талқылап, нақты шешім қабылдап, әрі қарай біз сол бағыт бойынша  партиялық бақылау ұйымдастырып, мәселерді бақылауда ұстап отырамыз.


А. Базарбай