Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ауылда жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді

AstanaTV
14.12.2021ж. 20:00
1302
Ауылда жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді

Ақмола облысына қарасты Софиевка ауылында мәдениет үйі мен емдеу мекемесі пайдалануға берілді. Сондай-ақ, өзге ескі ғимараттар жөнделіп, көшелерге жол салынып жатыр. "Бұл-тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту,- дейді ауыл әкімі. Ауылдағы оң өзгерістер туралы тілшіміз  Динара Жарқынбек айтады.

Дәрігерлік амбулатория  "Ауыл-ел бесігі" жобасы аясында    салынған. 3500 тұрғыны бар ауылда енді екі емхана жұмыс істейді. Жаңа емдеу мекемесінің құрылысына мемлекеттік бюджеттен 280 млн теңге бөлінген. Ғимарат қажетті құрал-жабдықпен,  керек-жарақпен толық қамтылған.   

Бекзат СҮГІРАЛИЕВ,  СОФИЕВКА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

 
Дәрігерлік амбулаторияға облыстық және республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Жалпы жолба құны 280 млн теңгені құрады. Қазіргі таңда біз стоматолог алайын деп жатырмыз жұмысқа, Яғни  штат ашылғалы жатыр. Және де өзіміздің бас дәрігеріміз бар.


Атлас ЖАНҒОЗИН, БАС МЕДБИКЕ:


Біз өте қуаныштымыз. Амбулатория өте үлкен, жарық, жаңа. Бізде екі дәрігер, 4 медбике,  бір акушер бар. Енді бізде стоматология ашылады.


Сондай-ақ, "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында ескі нысандар қалыпқа келтіріліп жатыр. Мәселен, елдімекендегі мәдениет үйі 1972 жылы салынған. Биыл сол нысан толық жаңартылып жатыр. Жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Санаулы күннен соң пайдалануға берілмек.

Бекзат СҮГІРАЛИЕВ,  СОФИЕВКА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:
 
Тәуелсіздіктің қарсаңында мәдениет үйінің күрделі жұмыстары аяқталуда. Бұл нысан жыл соңына қарай ашылады. Аталған мәдениет үйі 1972 жылғы.  Оның алдында авариялық негізде болған.

Ауыл әкімінің айтуынша, көктем шыға  көшелер жөнделе бастайды.   Жоспар бойынша 19 шақырым жолды қалыпқа келтіру көзделуде.


Д. Жарқынбек