Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Джекпоттан 454 миллион доллар ұтқан АҚШ тұрғыны ұтысын алуға келмеді

AstanaTV
06.07.2016ж. 20:00
2040
Джекпоттан 454 миллион доллар ұтқан АҚШ тұрғыны ұтысын алуға келмеді

Нью Йорк тұрғыны 454 миллион доллар ұтып алды. АҚШ-та «Мега Миллион» деп аталатын джекпот ойнатылған. Бұл жолғы ұтыс көлемі жағынан 1-ші ірі жүлде болып отыр. Бір қызығы - осынша мол ұтысқа ие болған тұрғын бұл ақшаны алуға әлі келмеген.

Ойын кеше кешкісін АҚШ-тың 44 штатында тікелей трансляция арқылы өтті. Оған көрермендер белсене қатысты. Айта кетейік, джекпот сомасы наурыз айынан бері өсе бастаған. Дәл сол айда Вашингтон тұрғыны 157 миллион доллар ұтып алған еді. Бағын сынап көрмекке ұмтылғандар қатары азаяр емес. Оған тіпті билет құнының айтарлықтай қымбаттығы да тоқтау бола алмай отыр, - дейді лотерея сатушылар.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА