Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алаш жұрты Астана күнін тойлап жатыр

AstanaTV
06.07.2016ж. 20:00
2360
Алаш жұрты Астана күнін тойлап жатыр

Алаш жұрты Астана күнін тойлап жатыр. Сарырқаның төрінде бой көтерген ару қала небәрі 18 жаста. Бас қала бүгінде тәуелсіз Қазақстанның беткеұстар брендіне айналып үлгерді. Еліміздің жеткен жетістігін, ұлы мұратын бәрі жайқалып өсіп келе жатқан жас қаламен байланыстырады. Астана күнін атап өтуді байтақ еліміздің түкпір түкпірінен жиналған тұрғындар ғана емес, шет елдіктер де әдетке айналдырған. Өйткені Астана күнімен астасқан біраз фестивальдар дәстүрлі шараға айналып кеткен. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Жетігеннің жібектей үніне орғып билеген Ортеке. Торғын мен торқа тоқыған шебер. Қолдан құйылған құмыра, көздің жауын алатын кестеленген бөстектер. Бұл - "Көшпенділер өркениеті фестивалі". Астанадағы "Хан шатыр" маңына жиналған қалың жұрт. Алыс жақын ауылдардан ағылып келген. Жас шаһардың бүгінгі әсем сәулетін тамашалап, "Этноауылға" соғып, ежелгі өркениетті қоса қызықтайды.  

- Әдемі көркем, қазақы нақышпен өрнектелген оюлары көз тартады. Өзіміздің қазақ екенімізді білдіреді.

- Такой праздник, такое мероприятие, очень красивое. Чувствуется история нашего народа Казахстана.


Астана күнінін тойлауға шет елдіктер де асыға жетеді. Осы күндері оларды Арқаға тартып тұратын ерекшеліктер бар.

«Астана аспаны»" фестивалі де дәстүрлі шараға айналған. Оған қатысуға жылда Бразилия, Испания, Германиядан әуесқойлар мен профессионалдар жиналады. Өйткені Сарыарқаның самал желі батпырауық ұшыруға өте қолайлы. Осы жерде қонақтар кішкентай астаналықтарға, қызықтаушыларға бар білгендерін үйретіп, мастер-класс өткізеді. Қазір менде батпырауық ұшырып, балалық шаққа саяхат жасап қайтайын. 

Педро Гансалес, «Астана аспаны» фестиваліне қатысушы, Испания:

Қазақстанды біз көшпенділер тарихымен, салт атты жігіттермен, бүркітпен, киіз үймен байланыстрамыз. Испания десе, мотодорлар елестейтіні сияқты ғой. Бұл елде бар ерекшеліктер еш жерде жоқ. Елдің тарихы терең. 

Педро іспетті қызық көруге, алуан түрлі батпырауығын артынып-тартынып, өз қаражатына шет елден 60 адам келген. Көшпелі цирк әртістері де мұнай думаннан қалыс қалғысы жоқ.

Денис Васильев, «Высокие братья» циркінің жетекшісі, Ресей:

Первое что бросается сразу, что Дубаи, Дубаи, Красота. Приветливые люди.

Қазақтың қастерлі дәмі қымыз баптауға келгенде арқа жұрты алдына жан салмайды. Ол да Орталықтың бір ерекшелігі. «Қымызмұрындық» - Астана күні аясында жылда өтетін дәстүрлі фестиваль. Омбы, Қырғыз елі, Саха Якутиядан келген қымызшыл қауым өз рецептілерімен бөліседі. «Жерұйық» саябағына келгендер бие сүтінен бапталған ұлттық сусынның 28 түрін татып көрді.

Из Республики Саха Якутия приехали. Прежде чем угощать кумысом, у нас будет обряд - мы должны кормить свой огонь. Мы поклоняемся огню. После этого будет угощение кумысом.

Қала күніне орай елордаға жыл сайын жан-жақтан ағылатын туристер қызмет көрсету саласына үлкен сынақ әрі тәжірибе. Келесі жылы өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне әзірлікті пысықтайтын алғы шарт десе де болады. Еуропадағыдай екі этажды автобустар Астанада да ала жаздай туристерді тасуға дайын. Мұнда қаланың көрікті жерлері жөнінде аудиожазбалар төрт тілде сөйлейді. Қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде.

Саят Құсайынов, «ASTANA SIGHTSEEING TOURS»  компаниясының директоры:

Келесі жылы турситерді «Экспо» аумағында экскурсия жасауды қарастырамыз. Оң жағалауға да бағыттар ашамыз. Қала күні қарсаңында әдеттегідей туристер мен ел тұрғындары толып кетті.

Бүгін қаланың барлық аудандарында әртүрлі мазмұндағы мерекелік шаралар-концерттен түн ортасына дейін жалғасады. Ал 23.00-де бірнеше ауданда мерекелік отшашу болады. Ең ұзақ отшашу жылдағыдай Есіл жағалауында. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ