$498.34 €519.72 ₽4.85
×

40-тан астам науқас бүлдіршін мерекелік сыйлыққа ие болды

AstanaTV
20.12.2021ж. 20:00
1384
40-тан астам науқас бүлдіршін мерекелік сыйлыққа ие болды

Алматылық еріктілер ауруханада жатқан 40-тан астам науқас бүлдіршінге мерекелік көңіл-күй сыйлады. "Jas Otan" жастар қанатының белсенділері балаларға сый-сияпат жасады.   Игі бастамаға «Nur Otan» партиясы жанындағы қайырымдылық  қор қолдау білдірді.  Балаларды  құттықтауға  кино жұлдыздары да келді.  

Гүлнәз АХМЕТОВА, АЛМАТЫ қ. «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «БАҚЫТТЫ  ОТБАСЫ» ҚҚ ДИРЕКТОРЫ:

Ақсай балалар ауруханасына келдік. Келу мақсатымыз Тәуелсіздік мерекесінің алдында дәрігерлерді, балаларды үлкен мейраммен құттықтап, біздің «Бақытты отбасы» қорының атынан сыйлықтарымызды тапсыру. Сол балалардың болашағы біздің еліміздің болашағы болып саналады.


Сәбира ҮСЕНБАЕВА, АТА-АНА:


Жастар келіп қалған екен бізді құттықтап, Тәуелсіздігімізбен, Жаңа жылымызбен. Жасотандықтарға рахмет бастамаларыңызға. Бақытты отбасыға рахмет. Әрқашанда биіктен көріне беріңіздер.


Ә. Лесбек