Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Оқ жаудырылған көлікке жауапты мекеме оқиғаның мән-жайын түсіндірді

AstanaTV
20.12.2021ж. 20:00
1355
Оқ жаудырылған көлікке жауапты мекеме оқиғаның мән-жайын түсіндірді

Солтүстік Қазақстан облысында сау тамтығы қалмаған жол жиегіндегі көлік Білім саласындағы сапаны бақылау департаментіне тиесілі болып шықты. Аталған мекеменің дерегіне сенсек, көлік жүргізушісі оны рұқсатсыз алып кеткен. Оқиға желтоқсанның 18-і күні болды. Полицейлер Мағжан Жұмабаев ауданында халықаралық маңызы бар тас жолында оқ жаудырылған темір тұлпарды анықтаған. Көлік бытыра оғымен бірнеше жерден тесілген. Әйнектері де сынған. Тәртіп сақшылары көп ұзамай көлік жүргізушісін тауып алған.

Сән ЖҰМАҒАЗИНА, СҚО ПД ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Оның айтуынша, 17-ші желтоқсан сағат 22-лер шамасында қозғалыс кезінде көлігінен ақау шыққандықтан, ол мемлекеттік нөмірлерді шешіп, салонды кілттеп, жолдың шетінде қалдырған. Аталған факті ҚР қылмыстық кодексінің 202 бабы, екінші бөлігі,  яғни «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша» сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді.

Ал білім сапасын бақылау департаменті басшысы, 25 жастағы көлік жүргізушісі 8 ай бұрын ғана жұмысқа қабылданғанын айтты. Қызметтік көлікті жұмыстан тыс пайдалануға тыйым салғанын жеткізді. Енді ол бар шығынды өзі өтейтін болады деді. Айта кету керек, бүгінде Хюндай маркалы бұл көліктің нарықтағы құны шамамен 4 миллион теңгенің шамасында бағаланып отыр.

Айнагүл СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Көлік жүргізушісін жұмысша қабылдаған кезде онымен міндетті түрде департамент тарапынан материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт жасалды. Сондықтан тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мынау көлікті ол өз тарапынан жөндеуі керек.

А. Құрманкин