Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Целиноград ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені техникалық ашылуға дайын

AstanaTV
20.12.2021ж. 20:00
2256
Целиноград ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені техникалық ашылуға дайын

Ақмола облысы Целиноград ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылуға дайын. Былтыр ақпанда басталған нысанның құрылысы өз уақыт ішінде аяқталып отыр. Ауыл халқы көптен күткен ғимарат келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Кешенде балалар мен жасөспірімдерден бөлек мүмкіндігі шектеулі жандар да тегін қызмет ала алады.

Ақмол ауылынан бойы көтерген спорт кешені 200 балаға шақталған. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салыныпты. Нысанның жалпы құны:  840 миллион теңгеден асады. Ғимаратта келушілерге арнап барлық жағдай жасалған. Түрлі спорттық залдардан бөлек, киім ауыстыру және жуыну бөлмелері де бар. Құрылыс бөлімінің басшысы қазір кешенді қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Серікбек СҮЛЕЙМЕНОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Тапсыру, қабылдау актісіне қол қойылды. Қазір осы жергілікті спорт мектебіне балансқа беріліп жатыр. Бір тренажорлық зал бар әдейілеп сол кемтар балаларға, кемтар адамдарға қарастырылған ауылдың ішінде сондай мақсатта салынған жоба.


Спорт кешені директорының айтуынша, мұндағы сабақтарға екі мыңға дейін адамды тарту жоспарланып отыр. Ғимаратта бассейннен бастап жарыстар өткізуге арналған орындар, спорт және жаттығу залдары бар.

Мирас ӘЛСЕЙІТОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Екінші қабатында жекпе-жек залы бар. Жалпы, спорт кешенінде 8 үйірме қарастырылып отыр қазіргі таңда. Болашақта дамытамыз, бір-екі спорт түрін қосамыз деген ойымыз бар.


Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, қаңтардың алғашқы онкүндігінде, су жаңа ғимаратта жұмыс істейтін болады.  Дәлірек айтқанда, дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне берілмек. Мекеме директорының айтуынша, мұнда ауыл балалары мен мүмкіндігі шектеулі жандар жаттықпақ.  

А. Данияр