$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Нұр Отан» партиясы БАҚ өкілдерімен бірлесе отырып, мыңға жуық арыздың оң шешілуіне көмектескен

AstanaTV
17.06.2016ж. 20:00
2603
«Нұр Отан» партиясы БАҚ өкілдерімен бірлесе отырып, мыңға жуық арыздың оң шешілуіне көмектескен

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Шығыс Қазақстан облысында «Нұр Отан» партиясы филиалы мен өңірлік БАҚ өкілдері бірігіп, мыңнан аса мәселенінің оң шешімін тапқан.

«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов халықтың жанайқайын билікке жеткізуде БАҚ өкілдерінің бәсі басым екенін атап өтті. Журналистердің арқасында партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен 1 мың арыздың 850-і оң шешіліп қана қоймай, ауқымды түрде бұқараға жарияланған. Үнемі қоян-қолтық жұмыс істегені үшін партиялық филиал байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында өңірлік БАҚ өкілдерін марапаттады.

Әнуарбек Мұхтарханов, «Нұр Отан» партиясы  Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Филиалдың жұмысын, облыстық партияның халыққа жеткізуде БАҚ өкілдеріне үлкен ризашылық білдіреміз. Біздің ШҚО-ның журналистері, телевидение болсын, әлеуметтік желілерге шығатындары болсын, қайсысы болмасын үлкен кәсіби деңгейде жұмыс істейді.

Кездесу барысында журналистер партиялықтарға жастарға көп көңіл бөліп, олардың қатысуымен түрлі іс-шараларды жиі ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен қатар партиялық бақылаудың облыс халқына көмегі барын айтып, болашақта да осы бағытта жұмысты жандандыру керектігіне тоқталды. Өйткені осы салаға оқырман мен көрермен қызығушылығы басым.

Айым Қасембаева, «Алдаспан» газетінің редакторы:

«Нұр Отан» партиясымен біз тығыз жұмыс істеп тұрамыз. Оқырмандарымыздың да сауалдары келіп тұрады. Өздерінің көкейлеріндегі сауалдарын «Нұр Отанға» жолдап, ал партия көптеген адамдардың мәселелерін оң шешіммен шешіп жатқандарына біз куәміз. Бізге «Нұр Отанмен» әрқашан ыңғайлы. 

Берік ХАСЕНОВ