Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қарағандыда үздік медицина қызметкерлері марапатталды

AstanaTV
17.06.2016ж. 20:00
2546
Қарағандыда үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Медицина қызметкерлері күніне орай Қарағандыда үздік дәрігерлер марапатталды. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков аймақтағы еңбекқор медицина қызметкерлеріне арнайы сыйлықтар табыс етті.

Облыстың үздік дәрігерлері арнайы байқау арқылы анықталған. Ең алдымен мамандардың еңбек өтілі мен облыстың денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі ескерілген. Ең басты, «Мамандығына адалдығы үшін» номинациясын ардагер онкохирург Мугутдин Чомаев жеңіп алды. Ол 50 жыл бойы обырға шалдыққан науқастарға ота жасаған бірден бір дәрігер. Аймақ басшысының арнайы сыйлығы тағы 7 адамға берілді. Оларға «Үздік педиатр»,«Үздік медбике», «Медицина саласының үздік ұйымдастырушысы», «Үздік акушер-гинеколог» секілді атақтар берілді. Жеңімпаздарды кәсіби мерекелерімен облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков құттықтады.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап еліміздегі денсаулық саласын дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауға айрықша көңіл бөлініп келеді. Оған сіздер де елеулі үлес қосып келесіздер. Сол үшін баршаңызға үлкен алғыс айтқым келеді.

Серік Бейсенов, Қарағанды облысы Шет аудандық перзентханасының акушер-гинекологы:

Мыңда бір рахмет! Бірақ үздік акушер-гинеколог болған соң, бұл жауапты жұмыс. Ананың денсаулығы болса, баланың да денсаулығы мықты болады. Әріптестерімізбен бірге ананың, дүниеге келген сәбидің денсаулығы мықты болсын деп, ат салысып жұмыс істеп жатырмыз. 

Айжан ҚУАШ