Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Дәрігерлер жаңа туған шақалақтың басын кесіп алған

Дәрігерлер жаңа туған шақалақтың басын кесіп алған

Дәрігерлер жаңа туған шақалақтың басын кесіп алған. Бұл жағдай  Қызылорда облысы Шиелі ауданында болды. Кесарь тілігімен босану кезінде құрсақтағы сәбидің басы тілініп кеткен.  Әлеуметтік желіде жарияланған  жазба авторы осылай дейді. Шиелі аудандық аурухана мамандары да оны растап отыр.   Аурухана басшылығының айтуынша, дәрігерлер дер кезінде шара қолданған. Қазір ана мен баланың денсаулығы қауіп жоқ екенін айтады.  

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ:

Әйелге бір жыл бұрын ғана кесарь тілігі бойынша операция жасалған. Сондықтан жатырдың қабырғалары жұқарған. Жатырды скальпельмен кескенде терінің беткі қабатына баланың маңдайы тиіп кеткен. Бұл жерді хирург пен неонатолог дер кезінде емдеген.

Д. Жарқынбек