Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Омикрон штамынан алғашқы науқас көз жұмды

AstanaTV
21.12.2021ж. 20:00
1839
Омикрон штамынан алғашқы науқас көз жұмды

Елімізде соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны күрт көбейді.  Министрліктің мәліметінше, кеше 3 адам қауіпті індеттің құрығына ілінген, ал бүгін  18 адам қайтыс болды.  Оның ең көбі-Нұр-Сұлтан қаласында- 4 адам  көз жұмды. Онан кейін Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында екі-екіден қайғылы жағдай тіркелген. Ал 19 302 адам коронавирус инфекциясынан қазір емделіп жатыр. Оның ішінде  3 207 пациент стационарда, 16 095 науқас амбулаторлық   ем қабылдауда.

Ал, АҚШ-та омикрон штамынан алғаш кісі өлімі тіркелді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, көз жұмған ер адамның жасы- шамамен 50-де. Ол вакцина алмаған, сондай-ақ, бойында өзге дерті болған көрінеді.  Соңғы дерек бойынша,   омикрон АҚШ-та белең алып барады.  Өткен аптада тіркелген деректердің 73 процентінде осы мутация анықталған. Ал кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш  90 проценттен де асып кетті. Бұған дейін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс брифингте    вакцинацияланған және сауыққан науқастардың да   коронавирустың жаңа түрін жұқтыру ықтималдығы бар екенін атап өткен болатын. Ұлыбритания премьер-министрі  де омикрон штамынан көз жұмған науқас туралы мәліметті растады.

Борис ДЖОНСОН, ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Өкінішке орай, омикрон штамын жұқтырып жатқандары саны күрт өсуде. Иә, бір науқастың көз жұмғаны расталды.

Ә. Дүкембаева