Елімізде жас ақындар мен жазушыларға арналған "Алтын тобылғы" республикалақ байқауы мәреге жетті. Биыл жетінші рет өткізілген сайысқа 156 шығарма ұсынылған. "Бұл байқау заманауи қазақстандық әдебиетті дамытуға, жас қаламгерлерді қолдауға және олардың шығармашылығын насихаттауға бағытталған" дейді ұйымдастырушылар. Жеңімпаздар «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың үздік драматургиясы», «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» және «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік туынды» атты 5 номинация бойынша марапатталды. "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік туынды" номинацияның иегеріне - 3 млн теңге, ал қалған жеңімпаздарға 2 млн теңге табысталды.
Азат ШӘУЕЕВ, НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған. Мына әділ қазы мүшелеріне де таңдап алу ең үздіктерін оңай болған жоқ. Кейбір шағармалар бірдей балл жинап, қазылар ішінде пікір-талас болып, шештік.
«Күзгі кеште гүл есінер» өлеңдер топтамасының авторы Дүйсенәлі Әлімақын "Жылдың ең үздік поэзиясы" номинациясына ие болды. Мұндай байқау жас таланттарға үлкен қолдау дейді. Сондықтан жиі ұйымдастырылып тұрса деген ойын айтты.
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:
Әдебиетті қолдау үшін бұл да бір игілікті шаруа. Мен осы жылы жеңімпаз атанған барлық қаламдастарымды шын жүректен құттықтаймын.
Д. Жарқынбек