$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Алдағы тәулікте 8 өңірде ауа райы қолайсыз болмақ

AstanaTV
21.12.2021ж. 21:13
1626
Алдағы тәулікте 8 өңірде ауа райы қолайсыз болмақ

Алдағы тәулікте республика бойынша 8 облыста, ауа райы қолайсыздық тудырады. Бұл туралы Казгидромет орталығы хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғуы ықтимал. Ал, Түркістан облысында жаңбыр жауады. Түнде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Қарағанды және Қызылорда облыстарында тұман түсіп, бұрқасын болмақ.  Дәл осындай болжам Ақмола, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарына да тән дейді. Ал, Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын түседі. Орталықта және облыстың солтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады.