Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жандос Бүркітбаев өзін әлі министр деп сезінбейді

AstanaTV
22.12.2021ж. 20:00
1350
Жандос Бүркітбаев өзін әлі министр деп сезінбейді

Келесі жылы коронавирус жұқтырғандар саны күніне шамамен 3000-ға жетуі мүмкін. Бүгін Үкімет отырысында денсаулық министрі міндеті жүктелген Жандос Бүркітбаев жаңа болжамдарымен  бөлісті. Уақытша болса да су жаңа министр, жұмысын Үкімет отырысынан бастады. Шенеуніктің айтуынша, ол әлі өзін министр сезіне алмай жатқан көрінеді. Толығырақ тілшіміздің бейнематериалда.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев алғаш рет Үкіметте баяндама жасады. Елде індет жұқтыру жағдайлары тамыз айынан бері 16 есеге төмендеген. Жаңа жылдық мерекелерден кейін де жұқтыру фактілер аса қатты көбеймейді деп болжайды. Сонымен қатар, екпе алғандарды 10 млн-ға жеткізе алмай кеткен экс-министр Алексей Цойдың жұмысын жалғастырмақ. Жаңа министрдің мәліметінше екпе алғандар саны енді ғана  8 млн 400 мыңды құрады.

Жандос БҮРКІТБАЕВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Халықты КВИ-ге қарсы вакциналау жалғасуда.  1-ші компонентпен 9 млннан астам адам егілді. Егілуге тиісті халықтың 80 пайызы қамтылды. 2-ші компонентпен 8,4 млн-нан астам адам егілді. Халықтың 75 пайызы қамтылды.

Жаңа қызметке келген шенеунік қобалжумен болды. Әріптестері алдында да дауысында діріл байқалды. Абдырағаны соншалық, журналистер сауалына мардымды жауап бере алмай, қашты. Сауалдарға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап береді деді де сыртқа асықты.  

Десе де, шенеунік жаңа қызметегі әсерімен бөлісуден бас тартпады. Айтуынша, ол өзін әлі толық министр ретінде сезінбейді екен.

Үкімет басшысы Асқар Мамин екпе алғандар саны әлі де аз дейді. Іске жаңа кіріскен шенеунікке, жаңа міндеттер артты. Артылған жүкті қаншалықты алып жүре алары, енді алдағы уақыттың еншісінде.  

Д. Жарқынбек