Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев отставкаға кетсін! Жаздағы қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау, Атырау өңірлерінің фермерлері, ел астанасына келіп, министрлікке баса көктеп кірді. Олар малымыз қыстан аман шықпайды дейді. Айтуларынша, аймақта әлі де мал қырылып жатыр. Жем-шөп қымбат, шығын шаш етектен. Ал бөлініп жатқан субсидия бәріне бірдей берілмей отыр. Жауапсыз жауаптылардан шаршадық деген малшылар, мәселе бұлай жалғаса беретін болса министр жылы орнын босатсын дейді.
Әділбек САҒЫНДЫҚОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Осыдан бір ай бұрында өздерінің қапталына келіп құрылтай өткіздік. Сол жерде де айтқан болатынбыз Маңғыстаудың жағдайын. Малының жағдайын. Одан беріде бір ай өтті, ешкім қозғалған жоқ. Біздің жағдайымыз жоқ. Маңғыстаудың малы қырылып жатыр, күнде қырылып жатыр. Ешқандай көмек жоқ.
Ғабдуллин ҒАЗИЗ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Осы диалогта соңғы 3 сағаттың ішінде мәселемізді шешіп, мәмілеге келуге тиістіміз. Мәмілеге келмеген жағдайда, Ербол Қарашөкев мырзаны отставкаға кетуін талап етеміз. Осы Қазақстан бойынша 14 облыстан талап етіп жатырық.
Ашық диалогқа келісім берген министрлік, журналистерді күтпеген көрінеді. Айқай-шудан соң ғана ішке кіргізді. базыналы бұқараны министрдің өзі тындап, қара терге түсті. Шаруа қожалық иелері шенеунікке Маңғыстау өңіріне төтенше жағдай жариялау керек деп ұсыныс білдірді. Өйткені мәселе осылай жалғаса берсе, алдындағы төрт түліктен айрылып қалудан қауіптенеді. Сондай-ақ, биылғы игерілмей қалған субсидия қаржысы қайтарылып алынбасын дейді. Ал ауыл шаруашылық министрі, мәселені жан-жақты қарап, оңтайлы шешуге уәде берумен ғана шектелді.
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
Қаңтардың басында комиссияны жібереміз депутаттармен. Сосын жаңағы ұсынысты Қаржы министрлігіне енгіземіз. Жаңағы алынбай қалған ақшаны алынатындай. Мынау төтенше жағдайды жариялау үшін өзінің заңды негіздемесі болу керек. Со жергілікті өзінің әкімшіліктері ұсынады жариялауға. Оны енді әкімшілікпен сөйлесіп көрейік.
Б. Сатуов