Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Дубай шейхы ажырасқаны үшін әйеліне 730 миллионнан астам доллар төлейді

AstanaTV
22.12.2021ж. 20:00
842
Дубай шейхы ажырасқаны үшін әйеліне 730 миллионнан астам доллар төлейді

Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі, Дубай шейхы, 72 жастағы миллиардер Мұхаммед бен Рашид әл- Мактум бұрынғы әйелі Ханшайым Хайяға 730 миллионнан астам доллар төлейді. Ұлыбританиялық сот осындай шешім шығарды. Шейхтар да ажырасады екен. Енді ол әйелі мен екі баласына өтемақы төлеуге міндеттелді. Ақпарат көздерінің мәліметінше, отбасылық мәселеге байланысты бұл рекордтық өтемақы саналады. Айта кетейік, Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның жеті әйелі, тоғыз ұлы және 14 қызы бар. Алғаш рет 1979 жылы үйленген. Оның ең танымал әйелі - кіші әйелдерінің бірі - 47 жастағы ханшайым Хайя бинт Әл-Хусейн. Ол 2004 жылы шейхке тұрмысқа шығып, араларында екі баласы бар.

Ә. Дүкембаева