Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

28 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырғандар ұсталды

AstanaTV
24.12.2021ж. 20:00
1423
28 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырғандар ұсталды

Алматыда 28 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырған шенеунік пен кәсіпкер сотталды. Экономикалық тергеу департаментінің дерегінше, Түрксіб ауданының абаттандыру бөлімі "Аstana-Құрылыс ХХI" серіктестігімен 71 миллион теңгеден аса сомаға келісім-шарт жасасқан. Бұл қаржыға мердігер "Бас Қарасу" өзені арнасын қалпына келтіруі керек болған. Бірақ бюджеттен бөлінген қаражаттың қомақты бөлігін олар қолды қылған көрінеді.

Жақсылық МЫРЗАХАН, АЛМАТЫ қ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Соттың  үкімімен Алматы қалалық Түрксіб ауданы әкімінің аппараты абаттандыру бөлімінің басшысы Воропаев пен «Аstana-Құрылыс ХХІ» ЖШС басшысы кінәлі деп танылды. Аталған азаматтарға 7 және 7 жарым жылға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды.


Бюджет қаржысын жымқыру фактісін қаржылық мониторинг агенттігі анықтаған. Айта кетейік, бірер күн бұрын аталған агенттік төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылған болатын.

Ә. Лесбек