Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы COVID-19 пандемиясының адамзат үшін соңғы емес екенін айтты. Келесі пандемияға қазірден бастап дайындалу керек дейді. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында жазды. Антониу Гутерреш Халықаралық эпидемияға қарсы дайындық күнінде осы мәселеге назар аударуға және оған қажетті инвестиция бөлуге шақырды.
Антониу ГУТЕРРЕШ, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ:
COVID19 адамзат алдында тұрған соңғы пандемия емес. Денсаулық саласына жауап бере отырып, біз келесі кезеңге дайындалуымыз керек. Халықаралық эпидемияға дайындық күнінде осы мәселеге назар аударайық, оған керек инвестиция бөлу керек.
А. Дүкембаева