$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Таразда мектеп оқушысы Тик-Ток түсіремін деп тоққа түсіп, көз жұмды

AstanaTV
27.12.2021ж. 20:00
2075
Таразда мектеп оқушысы Тик-Ток түсіремін деп тоққа түсіп, көз жұмды

Соңғы селфи. Таразда 9-сынып оқушысы Тик-Ток түсіремін деп тоққа түсіп , көз жұмды. 15 жастағы жеткеншек тоқтап тұрған жүк вагонның үстіне шығып видео жазбақ болған көрінеді.  Баланы жоғарғы кернеулі тоқ  өртеп жіберген.

Бұл бейнежазба   әлеуметтік желіде тарады.  Куәгерлер оқиға болған жерде үш жеткіншектің жүргенін айтады. Екі бала вагонның үстіне  өрмелеп шығып, суретке түспекші болған.  Сол сәтте бірінші  мінген жасөспірімді  жоғарғы кернеулі тоқ соққан.   Ал екінші бала жоғарыға жетпей жерге секіріп түсіп үлгеріпті. Ол аман, ешқандай жарақат алмаған. Білім басқармасының мәліметінше, олар қаладағы №33 орта мектептің оқушылары.   Демалыс күн болғандықтан, жеткіншектер футбол ойнауға баруды жоспарлаған. Сол үшін үйге барып,  спорттық киім ауыстыру үшін  темір жол өткелінен өтпекші болған көрінеді.

Аслан ДҮЙСЕНБАЕВ, ТАРАЗ СТАНЦИЯСЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

ҚР ҚК 204 бабы 2 бөлігімен тіркелді. Яғни, «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысында қауіпсіздік қағидасын бұзу». Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Б. Жұмабайұлы