Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қызылжарда автокран жүргізушісі сотталғандарға телефон тасыған

Қызылжарда автокран жүргізушісі сотталғандарға телефон тасыған

Қызылжарда  автокран   жүргізушісі сотталғандарға телефон тасыған.  Арнайы техниканың 41 жастағы жүргізушісі жалпы режимдегі түзету мекемесінде құрылыс жұмыстарымен айналысқан көрінеді. Көліктің кабинасын тінту кезінде 3 смартфон мен 2 сим карта табылды.  Тыйым салынған затпен қолға түскен жігіт бірден ағынан жарылды. Айтуынша, белгісіз біреулер оған бір пакет беріп, колонияға өткізгені үшін 60 мың теңге төлейміз деген.  Прокуратура қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты   әкімшілік іс қозғап, оны сотқа жолдады. Алайда, айыпталушы жазадан  жеңіл құтылды. Судья оған  30 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындады.

Роза ЖОЛАУШИНОВА, СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:


Түзету мекемесіне ұялы телефон өткізу дерегі ҚР әкімшілік кодексінің 481 бабында қарастырылған. Негізі сотталғандардың аптасына бір рет телефонмен, я болмаса бейнеқоңырау арқылы кез-келген біреуге телефон шалуға мүмкіндігі бар. Айта кету керек, жыл басынан бастап бұдан басқа телефонды өткізу фактісі тіркелмеген.

А. Құрманкин