АҚШ-та "Омикрон" штамының таралуына байланысты 2 жарым мың әуерейсі тоқтады. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, жолаушылар ішкі рейстермен де, халықаралық рейстермен де ұша алмай отыр. Экипаж мүшелері арасында да COVID-19 инфекциясының көбеюіне байланысты мәселелер туындаған. Тоқтатылған рейстер жолаушылар ағыны бойынша ең қарқынды демалыс кезеңінде болды. Ұлыбританиядан мыңға жуық адам шаңғы демалысын өткізу үшін Францияның оңтүстік-шығысындағы Гренобль әуежайына ұшуы керек еді. Бірақ олардың ешқайсысы демалыс орнына жете алмады.
Ә. Дүкембаева