Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Өз-өзіне қол салған алматылық тәрбиешінің артында бес баласы қалды

Өз-өзіне қол салған алматылық тәрбиешінің артында бес баласы қалды

Алматыдағы балабақшада балаларды оқтаумен ұрған тәрбиеші  өз-өзіне қол жұмсады. 42 жастағы келіншектің артында жұбайы мен бес баласы қалды. Марқұмның көршілері бұл жағдайға сене алар емес. Айтуларынша, елдің ашуын туғызған әйелдің бұрын-соңды ерсі қылығын көрмеген. Отбасында да жанжал болғанын естімегендерін айтты.

Мархабат МОЛДАХАН, КӨРШІСІ:

Жақсы отбасы, отағасы жақсы үлгілі семья, бес баласы бар. Немересі бар үлкен қызынан. Кішкентай баласы 3 тен асқан бала. Екі-үш жылдай болды көшіп келгендеріне.


Кеше ғана балабақшадағы келеңсіздікті көрсеткен едік. Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі балаларды тәрбиеші оқтаумен ұрғаны бейнебақылау камерасына жазылып қалған.   Жаға ұстаған ата-аналар қатыгез тәрбиешіні жазалауды сұрады. Артынша балабақша меңгерушісі қызметкерін жұмыстан қуған.  

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алматы қалалық  Полиция Департаменті 1979 жылы туған Б.есімді азаматшаның өз-өзіне қол жұмсағанын растайды. Қазіргі таңда Жетісу аудандық полиция Басқармасы ҚР ҚК-нің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Ә. Лесбек