$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Коронавирустың қауіпті түрлері анықталды: Қазақстан "омикрон" штамын жасырып отыр ма?

AstanaTV
29.12.2021ж. 20:00
1632
Коронавирустың қауіпті түрлері анықталды: Қазақстан "омикрон" штамын жасырып отыр ма?

Жаңа жылды инфекциялық ауруханада емес отбасыңызбен қарсы алыңыз. Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары тұрғындарға осындай үндеу жолдады. Ал ел астанасында коронавирустың қауіпті түрлері анықталды. Оны біраз адам жұқтырып үлгерген. Ол қандай штам? Елдегі эпид ахуалдың бүгінгі жайын әріптесім Асылбек Данияр тарқатады.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Елордада COVID-19-дың аса қауіпті түрлері тарап кеткен. Ол -"дельта" және "дельта плюс" штамы. Қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, індетке шалдыққандардың үлгілері екі ай сайын зерттеліп отырады. Желтоқсанның басында тапсырылған сынамалар вирустың осы формаларының барын көрсеткен.


Сархат БЕЙСЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Соңғы мәліметтерге сәйкес, індет жұқтырғандардан алынған сынамалар секвенирлеу зертханасына жеткізілді. Молекулярлық-генетикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша "дельта" штаммы елордада  – 47%,  "дельта+" штамм – 41% айналымда жүр.


Коронавирустың бұл түрі Алматыда да таралып жатыр.  Жандарбек Бекшин мұны өткен аптада-ақ айтқан болатын. Сондықтан   қазіргі қалалық бас санитарлық дәрігердің орынбасары жергілікті халықты сақ болуға шақырды.

Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ, АЛМАТЫ қ. САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Екпе алу және ревакцинациядан өту маңызды. Егер сіз иммундаудан өтсеңіз,  "Omicron" штаммын жеңіл өткізесіз. Отбасы мен достарын қорғау үшін вакцинациядан өту керек. Жаңа жыл қарсаңында, іс-шаралар мен корпоративтік кештер өтіп жатыр. Алматы тұрғындарын Жаңа жылды корпоративтік кештен кейін жұқпалы төсекте емес, отбасыларымен қарсы алуға шақырғым келеді.

Ал Алматыда өткен Азия чемпионатына кеп қатысқан қытайлық  каратэшілерден Omicron  анықталды. Оны аспан асты елінің билігі Қазақстаннан әкелінуі мүмкін деген болжам айтып отыр. Дегенмен, ұлттық құрама мүшесі Лау Чимин Қазақстаннан Оңтүстік Корея арқылы ұшып келгендерін айтты. Сәдуақас Байғабылова та бұл штамның қалада тіркелмегенін жеткізді.

Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ, АЛМАТЫ қ. САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бізде штамдардың геномдық секвенирленуі жалғасып жатыр. Алматыда жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша "омикрон" штамы анықталмады, үлгілер Нұр-Сұлтанның зертханаларына жіберілді. Хабарламада жұқтырғандардың Оңтүстік Корея арқылы ұшқаны айталады. Демек, оларды Алматыда ауыру жұқтырды, Қазақстаннан алып келді деуге ешқандай негіз жоқ.

Мереке күндері  мониторингтік топтар тексерісті күшейтеді. Өйткені  әр мейрамнан  кейін эпидемиологиялық жағдайдың нашарлайтынын тәжірибе көрсетіп отыр, дейді мамандар.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жаңа жылдық от шашу болмайды. Бұл да эпид жағдайдың өршіп кетпеуі  үшін жасалған алдын алу шараларының бірі. Санитарлар мен дәрігерлер жаңа жылды әркім өз отбасымен ғана қарсы алуға кеңес береді.  


А. Данияр