Атырауда 7 жастағы қызына сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған өгей әке 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық іс, мамандандырылған ауданаралық сотта жабық есік жағдайында қаралды. Сот таратқан ақпаратқа сәйкес, ерлі-зайыптылар алдымен Атырау қаласында тұрып, кейін Алматыға қоныс аударыпты. Алғашқы азғындық жасалған кезде қыз бала 7 жаста болған. Бірнеше жылдан соң отбасы ажырасып, анасы балаларымен Атырауға оралыпты. Соңынан іздеп келген күйеуі, соңғы сексуалдық сипаттағы әрекетін 2020 жылы жүзеге асырған, деді. Анасы қызынан сұмдық жайтты естіген бойда, құқық қорғау органдарына шағым түсіріпті.
Оксана ДАУРЕШОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Басты сот талқылауында 1984 жылы туылған сотталушы өзінің 2007 жылы туылған өгей қызын 2013-2020 жылдары аралығында 4 рет өзге де сексуалдық әрекеттер жасаған. Соттың үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, осы бап бойынша оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ өмір бойына кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырған. Судья азғын әкенің бұрынғы некеден бір баласы, ал жәбірленуші отбасында кәмелетке толмаған 3 баласы бар екенін ескеріпті. Жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ,- дейді. Азғын өзінің кінәсін мойындамай, толық ақтауды сұраған. Сот қасақана аса ауыр қылмыстық әрекет сараптама қорытындыларымен, бейнежазбалармен және "WhatsApp" қосымшасындағы хат-хабарлармен толық дәлелденгенін айтты. Дегенмен екі тарап та үкіммен келіспейді.
Б. Надірқызы