Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Астана Опера» театрының көрермендері мен қызметкерлері шұғыл эвакуацияланды

AstanaTV
29.12.2021ж. 20:00
1212
«Астана Опера» театрының көрермендері мен қызметкерлері шұғыл эвакуацияланды

«Астана Опера» театрында жарылғыш зат болуы мүмкін. Елордалықтарды дүрбелеңге салған бұл  ақпарат жалған болып шықты. Күдіктіден түскен хабарламаға байланысты  «Астана Опера» театрының қонақтары мен қызметкерлері бүгін шұғыл эвакуацияланған. Абырой  болғанда ол расталған жоқ. Айта кетейік, үлкен залда "Щелкунчик" балеті жоспарланған болатын.  

Эльмира ШӘУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Хабарламада 30 жастағы ер азаматтың сөмкесінен күдікті құрал табылғаны туралы айтылды.  Оқиға орнына арнайы қызмет мамандары барды. Театрдағы адамдар қауіпсіз аймаққа шығарылды. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталмыш факт бойынша тексеру жүргізілуде.


А. Базарбай