Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

AstanaTV
29.12.2021ж. 20:00
1101
Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бекболат Тілеуханның өзі өкілеттікті тоқтату туралы   өтініш берген. Оның  ұсынысы бүгін мәжілістің жалпы отырысында қаралып, бір ауыздан қолдау тапты. Экс-депутатқа Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин алғыс хат табыстап, оның жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Айта кетейік, Бекболат Тілеухан бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының  вице-президенті болып тағайындалды. Сөз соңында, экс-мәжілісмен әріптестеріне өз ризашылығын білдіріп, түйінді сөзін айтты.

Бекболат ТІЛЕУХАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЭКС-ДЕПУТАТЫ:

Қазақ дейтін ұлттың тілінің, мәдениетінің, тарихының, ғылымының, руханиятының, салтының, дәстүрінің Қазақстан Республикасынан басқа барар жері, басар тауы жоқ, басқа дамитын жері жоқ. Қазақ – ол шабуылдаушы жұрт емес, ол қорғанушы, тарихқа есесі кеткен жұрт. Осы нәрсе естеріңізде болып, есіркей қарап, парасат көздеріңіз, тарихи санамен, мемлекетшілдік оймен әрқашан жүректеріңіздің түкпірінде тұрса екен деген аманатым бар.


Б. Сатуов