Елордалық тұрғын өзге адамдардың жеке құжаттарын пайдаланып,10 млн теңгеге онлайн несие рәсімдеген. Ал алматылық азамат жалпы құны 2 млн теңге болатын 5 смартфонды алаяқтық жолмен алған. Осындай алаяқтарға қашан тосқауыл болады? Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев құзырлы орындарға депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, биыл интернет алаяқтық өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Онлайн несие рәсімдеу бойынша 17 мың іс тіркелген, 25 мың адам 8 млрд теңгеден астам қарызға батқан. Сондықтан депутат жауаптыларға жедел тиісті шара көру керек дейді.
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Агенттікке тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп онлайн несиені рәсімдеу барысында азаматтардың жеке деректерімен телефон нөмерінің оператор желісімен идентификация жасалуын енгізуді және барлық шағын қаржы ұйымдарының сәйкестендіру деректері мен алмасу орталығы ақпаратымен қолдануды ұйымдастыруды, Бас прокуратура және тиісті құқық қорғау органдарымен бірлесе реттеуді сұраймыз.
Б. Сатуов