Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Мектеп оқулығында мемлекеттік рәміздер авторларының аты-жөні қате жазылған, -депутат

Мектеп оқулығында мемлекеттік рәміздер авторларының аты-жөні қате жазылған, -депутат

Мектеп оқулығында мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтің тегі Ниязбаев деп жазылған. Тағы бір  оқулықта атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың аты-жөні мүлдем жазылмай қалған. Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген осылай дейді.  Оның айтуынша, қазақ мектептерінің 4-сыныпқа арналған орыс тілі оқулығындағы қателер  туралы   бұған дейін де депутаттық сауал жолдаған. Алайда әлі күнге дейін Білім және ғылым министрлігі бұл мәселеге нақты жауап берген жоқ дейді депутат.  

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Мемлекеттік тудың авторы Шакен Ниязбековтің тегі Ниязбаев деп жазылған. Кейінгі екі жылда 40 мың таралымда бұл қателік түзетілсе де, мемлекеттік әнұран авторларының бірі − атақты композитор Шәмші Қалдаяқов мүлдем енбей қалған. Міне, осы мәселені көтеріп жазған депутаттық сауалымызға Білім және ғылым бірінші вице-министрінен келген жауапқа қанағаттанбаймыз. Олар жауапта министрліктің атқарып отырған жұмысын жіпке тізіп шыққан.

Б. Сатуов