$521.9 €593.5 ₽6.39
×

"Nur Otan" партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы кеңес жылды қорытындылады

AstanaTV
30.12.2021ж. 20:00
1684
"Nur Otan" партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы кеңес жылды қорытындылады

«Nur Otan» партиясы биыл 19 лауазымдық тұлғаны жауапкершілікке тартқан. Бұл туралы партияның Жемқорлыққа қарсы кеңесінде белгілі болды. Жылды қорытындылаған кеңес қатысушылары, партияның араласуымен шешімін тапқан мәселелерге тоқталды. Атап айтсақ Солтүстік Қазақстан облысында пайдаланылмай тұрған 59 мың гектар ауыл шаруашылық жері, мемлекет меншігіне қайтарылған. Шымкентте бірнеше тұрғын үй алабы су көзіне қосылған. Осының нәтижесінде сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 96 пайызға жеткен. Айта кетейік, Қазақстан - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттер тобында 50-ші мүшесі болып тұр.

Ерлан САИРОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысына салғырт қарағаны, партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша "Жол картасын" орындауда жеткілікті жұмыс жүргізгені, сондай-ақ сеніп тапсырылған бөлімшелерде, Кеңес қаулыларын орындауда атқарушылық тәртіптің босаңдығы үшін партия мүшесі болып табылатын 19 лауазымдық тұлғаға қатысты партиялық жаза шарасы қолданылды.

Б. Сатуов