Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Nur Otan" партиялық бақылау органдарының 7 мыңнан астам ұсынымы орындалды

AstanaTV
30.12.2021ж. 20:00
1130
"Nur Otan" партиялық бақылау органдарының 7 мыңнан астам ұсынымы орындалды

«Nur Otan»-ның партиялық бақылау комитеті биыл атқарған жұмыстарын қорытындылады. Өңірлік және аумақтық партиялық бақылау органдары азаматтардың мыңнан астам өтінішін қарап, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен 300-ден астам кездесу өткізген.  Сонымен қатар, бір жыл ішінде Комитет пен партиялық бақылау комиссияларының мүшелері еңбек ұжымы мен қоғам өкілдерімен 1500-ге жуық кездесу ұйымдастырып,  4 мыңнан астам рейд жүргізген.

Артур ПЛАТОНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өңірлік комиссиялардың ұсынысы бойынша партияның 261 мүшесі партиялық жауапкершілікке тартылса,  ал «Nur Otan» Әдеп кодексін бұзғаны үшін – 159 партия мүшесі жауапқа тартылды. Партия қатарын «тазарту» одан әрі жалғасуда. Мәселен, биыл Жарғы талаптарын сақтамағаны, партиямен байланысын үзгені және басқа да заң бұзушылықтар үшін партиядан 41 мыңнан астам адам шығарылды. Айта кетейік, мұндағы мақсат жазалау емес.

Ә. Дүкембаева