Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қостанайда пиротехникалық заттарды астыртын саудалаған 16 адам жазаланды

AstanaTV
30.12.2021ж. 20:00
1581
Қостанайда пиротехникалық заттарды астыртын саудалаған 16 адам жазаланды

Жаңа жыл жақындаған сайын қауіпті пиротехникалық заттардың астыртын саудасы қызып жатыр. Қостанайда "Пиротехника -2021" жедел алдын алу операциясы басталды. Отшашу  опық  жегізбес үшін нені ескерген жөн? Жарылғыш заттардың зардабы жайлы Заңғар Санай тарқатады.

Жаңа жыл қарсаңында ірі базарлар мен ашық сауда алаңдарын сан алуан отшашулар жаулайды. Желтоқсан айының ортасынан бастап рейдтік топ ашық-жабық базарларды аралап, жарылғыш бұйымдардың сапасы мен мерзімін тексеруде.

Әділ ЖҮСІПБЕК, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Қостанай облысы бойынша 251 рейдтік шара өткізілді.Соның барысында пиротехникалық бұйымдарды сатуға байланысты 16 заңбұзушылық тіркелді. Оларға әкімшілік  хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Айыппұл көлемі 25 айлық есептік көрсеткіш. Сатушылардың басым бөлігі сертификаты жоқ заттар мен қолдану мерзімі өткен өнімдерді саудаға шығарған.

Әлжан ҚАДЫРЖАНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Азаматтық қорғау органдарының  негізгі мақсаты бұл –алдын алу жұмыстарын жүргізу. Аталған іс-шаралар әлі де жалғасуда. 2020 жылдың желтоқсан- қаңтар айларында пиротхеникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі оқиғалар орын алған жоқ.Қостанай облысы бойынша. Өрт фактілері тіркелген жоқ.

Қостанай базарында  қытай мен қырғыз өнімдері байқалмады. Саудагерлер отандық отшашулардың сан түрін сатып тұр екен. Сапасы тәуір, бағасы былтырға  қарағанда қымбаттаған.

Рустам АСАНОВ, САТУШЫ:

Қазақстан өнімдерін сатып жатырмыз.Салюттер.Сапасы жақсы.Сертификат, құжаттары бар. Тексеріліп жатыр.Биыл баға кішкене қымбаттады. 7 пайызға.

Рейд қаңтардың ортасына дейін жалғасады. Қауіптің алдын алу шараларына полицейлер мен еріктілер, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері атсалысуда. Жаңа жылда жарылғыш заттардан зардап шекпес үшін тұрғындар қауіпсіздік ережелерін ескергені жөн, дейді мамандар.

З. Санай